Асқынып ағатын бұлағың – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Асқынып ағатын бұлағың» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1308
Асқынып ағатын бұлағың
Бастығып қалған ба, шырағым?
Басылмай келіп ем құмарым,
Басыңа жеттім де құладым.
Баяғы ағысың қайда асау,
Булығып жатыр ма, бар ма сау?!.
Қара жер қайнарға тоймас-ау,
Қайнарлар ағыссыз қалмас-ау.
Көлдері қол бұлғап талай қыр,
Төсінен шақырды талай нұр.
Сабылып сабырсыз келгенде
Саябыр жатқаның қалай бұл?..
Басылмай келіп ем құмарым,
Басыңа жеттім де құладым.
Мен сенен сусындау орнына
Сені мен суарып, жыладым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері