Өлең, жыр, ақындар

Тіршіліктің шаттығы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жан едік «сүйдім» деген сөзге берік,
Ұл туса, ұрпақ өсті көз кенеліп.
Қияға қыз ұшқанда өріс таптық,
Кенелдік келін түссе төрге келіп.
Қуандық шаттық көрсек жүлделеніп,
Алыста аты озғанды күндемедік.
Жалғанда көңіл жықпай өтейікші,
Күйініш­сүйінішті бірге көріп.
Тіршілік жоқ екен ғой басқа мәні,
Біршілік бақыт жолын басқарады.
Бұлақтан бастау алса шалқар теңіз,
Отаудан Отан­ана басталады.
Сыйластық, қимастыққа жалықпадық,
Махаббат мәңгі екенін анықтадық.
Сүйікті ата болдық, ана болдық,
Құдағи­құда көріп шарықтадық.
Тілекті жақсылыққа бұра түсіп,
Құлшынсақ келешекке құрақ ұшып;
Жебесін құтты жолды періштелер,
Қайтайық немереге құда түсіп.

1998


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіршіліктің шаттығы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Тіршіліктің шаттығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тіршіліктің шаттығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тіршіліктің шаттығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері