Әділдіктен бұлтару

Бұл бетте «Әділдіктен бұлтару» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 6120
Берілме шындық іздеп қайғыға тым,
шындықтан айныр көсем, айныр ақын.
Жерде көп қамалдар мен иірімдер
адамды әділ жолдан тайдыратын.
Кім түспес пенделіктің қамалына,
бұғаулар естіні де, дананы да.
Тайдырар бала жайы әділдіктен
мықтыңды бой бермейтін шамалыға.
Естінің шаттығынан мұңы басым,
болмайды жақыны да, ұлы да шың.
Досыңның бір қатесін бүркеймін деп,
ақиқат соқпағынан бұрыласың.
Шамалы құдаңның да елде құны,
жетеді бір басына пенделігі:
шындықтан тағы аттайсың, отырғызып,
амалсыз жылы, жайлы жерге мұны.
Көсемсің, аяқ бассаң, той жан-жағың,
мән-жайды ойлап жатпас тойған қарын.
Арқырап әйеліңнің төркіндері
істетпей қоймас саған ойға алғанын.
Бұғауы пенделіктің – мұның бәрі,
әуелден жердегінің ұғымды әні.
Адамзат құрсауланған баяғыда-ақ,
сол заңға бағынышты ол бүгінде әлі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әділдіктен бұлтару өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әділдіктен бұлтару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әділдіктен бұлтару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әділдіктен бұлтару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері