Жалқы мен тобыр – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жалқы мен тобыр» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 6500
«Жұрт неге маған жауықты»,
деп өзің босқа кішірме.
Талантты болу қауіпті
талантсыздардың ішінде.
Жан жетпегенмен жүйрікке,
ызыңдар зулап соңында оқ.
Сыйламастардан сый күтпе –
кемеңгер – жалқы, тобыр көп.
Бір өзі көкке өрлей ме,
кездеспей жолында орсыз жер.
Тобырға мазақ ол кейде, -
өзімізбен бірдей болсын дер.
Тумысы бөлек кемеңгер
көсем болуға ұмтылмас.
Қара бас қамын жегендер
қарекет етуден бір тынбас.
Өтсе де өмірі: алды жар,
тылсым ба маңы, сор ма арты,
халқының даңқын қалдырар
түбінде әйтеуір сол жалқы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері