Күн қайда? – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Күн қайда?» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Көдіреден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір - күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ мылтық,
Толғап ұстар күн қайда?
Алты құлаш ақ найза,
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ толған сайкез оқ,
Масағынан өткізіп,
Басын қолға жеткізіп,
Созып тартар күн қайда?
Керт бұғыдай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?
Бізді тапқан ананың,
Асыраған атаның,
Ризалықпен жайласып,
Қолын алар күн қайда?
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орнықты қара сабадан
Бозбаламен күліп - ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?


Пікірлер (7)

Максат

Керемет

Кура

Тамаша...

шахида

не деген шеберлiк мынау

Мага

Керемет тамаша он нан он бал

Асел

Оте тамаша. Ыздегенынды бырден табасын

забира

өте керемет жазылған

Баха

Өте керемет жүрегіме намыс берді

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн қайда? өлеңінің авторы кім?

Махамбет Өтемісұлы — осы өлеңнің авторы.

Күн қайда? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн қайда? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбет Өтемісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн қайда? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері