Қоян – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қоян» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1311
А, ей, а, ей-ай.
Көкше қоян келесің құмды жанап,
Сүйел аяқ келеді сені қалап, көкше қоян.

Қайырмасы:
А, ей, а, ей-ай.
Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,
Көп шоңқая бермеші бойың балап, көкше қоян.

Көкше қоян секектеп жүрсің саяқ,
Жүрсең саяқ, асықпай, жерсің таяқ.

Қайырмасы:
А, ей, а, ей-ай.
Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,
Көп шоңқая бермеші бойың балап, көкше қоян.

Барып едім сөйлесіп сені аяп,
Аласың ба теріңді қанға бояп.

Қайырмасы:
А, ей, а, ей-ай.
Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,
Көп шоңқая бермеші бойың балап, көкше қоян.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері