Сөз ішіндегі сөз – Құл-Керім Елемес

Бұл бетте «Сөз ішіндегі сөз» атты Құл-Керім Елемес жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1923
СҰЛТАН
«С»-дан бастап оқысаң,
Ел ағасы сұлтанмын.
«Ұ»-дан бастап оқысаң,
Табандағы ұлтанмын.
Болғанша өзге ел сұлтаны,
Бол еліңнің ұлтаны.

САБАҚ
«С»-дан бастап оқысаң,
Оқитұғын сабақпын.
«Б»-дан бастап оқысаң,
Ру аты Абақпын.
Қасқыр аулар үй, білгін
Ескі мәні Абақтың.
Білдің мәнін Абақтың,
Жақсы оқы енді сабақты.

БАҚША
«Б»-дан бастап оқысаң,
Жұрт серуендер бақшамын.
«А»-дан бастап оқысаң,
Ел ырысы – ақшамын.
Алып билет ақшаға,
Кірген жақсы бақшаға.

АБАЙ
«А»-дан бастап оқысаң,
Абай атаң атымын.
«Б»-дан бастап оқысаң,
Бай болам, бар асылым.
Абайлатам тағы да
Талай істі жасырын.
Ұқсау үшін Абайға,
Алды-артыңды абайла.

ТЕҢ
«Т»-дан бастап оқысаң,
Атқа теңдер тең болам.
«Е»-ден бастап оқысаң,
Кереметтегі ең болам.
Ел теңдігі һәм тағы,
Теңдік белгі мен болам.
Келсе мықты ең болғың,
Барлық істе тең болғын.

БІЛІМ
«Б»-дан бастап оқысаң,
Білім болам алатын.
«І»-ден бастап оқысаң,
Артқа іліммін қалатын.
Жақсы білім алғаның,
Артқа ілім боп қалғаның.

ШАҚ
«Ш»-дан бастап оқысаң,
Дәп-дәлдегі шақ болам.
«А»-дан бастап оқысаң,
Түстің түрі ақ болам.
Дәл шақтап ки киімді,
Ақтап ұста үйіңді.

ТОН
«Т»-дан бастап оқысаң,
Киетұғын тон болам.
«О»-дан бастап оқысаң,
Сан түріндегі он болам.
Кисең-дағы тон жаман,
Алдан көрін он қадам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз ішіндегі сөз өлеңінің авторы кім?

Құл-Керім Елемес — осы өлеңнің авторы.

Сөз ішіндегі сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз ішіндегі сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құл-Керім Елемес өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз ішіндегі сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері