Мәтөк әні (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Мәтөк әні (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1436
Ауылым көшіп қонады-ау Бағылына-ай,
Жаз болса қоян қашады-ау шағылына-ай.
Көп айдың көрмегелі-ау күні болды-ау,
Келемін ақ еркемді-ау сағынып-ау.

Ақ бетің Астарханның қаласындай,
Ақ етің Сыңғырлаудың даласындай.
Көшкенде көш алдында келесің сен,
Қос сырға құлағыңда жарасып-ай.

Сыртыңнан жол таба алмай жанасуға-ай,
Өзіңе әркімдер жүр таласулы-ай.
Екеуміз бір төсектен тұрар ма едік,
Кісінің ағайынды баласындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері