Нәзік бел – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Нәзік бел» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1789
Ауылым көшіп барады ылай көлге-ай!
Шағи бешпет жарасар қынай белге, нәзік бел.
Кеткенде жерің шалғай-ей, жан сәулем-ай!
Көздің жасын көл қылып жылай көрме-ай!

Қайырмасы:
Талым-ай, нәзік бел жарым-ай.

Біздің ауыл, сұрасаң, ту көрінер,
Ақ тамақтың астынан күн көрінер.
Кеткенде ауылың алыс, беу, қарағым,
Сендей болып көзіме кім көрінер.

Қайырмасы:
Талым-ай, нәзік бел жарым-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері