Ой, қарғам – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ой, қарғам» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1019
Қарасу есік алды лай ма екен,
Көргеннен мені анам сұрай ма екен?
Қайысып қабырғасы тапқан анам,
Мені ойлап осы күні жылай ма екен?

Аспанда бір жұлдыз бар Шолпан қаққан,
Бетіне ақ айнаның күмбез жаққан.
Жат елге шырылдатып бергенінше,
Қиналып анам байғұс несін тапқан.

Ай қарақ суға салса, тоңбайды екен,
Айрылған анасынан оңбайды екен.
Бір ана онда да бар, мұнда да бар,
Сонда да сүт емгендей болмайды екен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері