Өлең, жыр, ақындар

Орта бойлым

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1930
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.
Жанның бәрі атыңды білмесін деп,
«Күлімкөз» деп әдейі жорта қойдым.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.

Қаңбақ ұшар даланың желіменен,
Мұз көшеді өзеннің сеңіменен.
Торғай жолдас тотыға бола алмайды,
Ойнағаны жарасар өз теңімен.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.

Мойыныңа жарасқан ақ меруерт,
Ойнамасаң, күлмесең, тарқай ма дерт.
Өзің теңдес ұнатсаң бір құрбыңды,
Алысқан қол, айтқан сөз—сертіңе жет.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетімнің әні

  • 0
  • 0

Жетімнің күйі құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен, оу, жалған, құдай алған.
Күтетін баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе, оу, дүние жалған, дүние жалған.

Толық

Жас өтті

  • 0
  • 0

Он бесте тартып міндім аттың жалын-ау,
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын-ай.
Бүркіттей тасқа түскен талап етіп-ай,
Сонымен біраз жүрдім ұзын сарын-ай.

Толық

Өтеғали (1 нұсқа)

  • 0
  • 0

Ішпедім Жайық суын ылай ма деп,
Баспадым жардың шетін құлай ма деп.
Жаманмен дос болуға мен қорқамын,
Бір күні ердің құнын сұрай ма деп.

Толық