Әгугәй

Бұл бетте «Әгугәй» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3437
Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүрінбей ме боз жорға қазған орға, әгугәй. (2 рет)
Қыз Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугәй. (2 рет)

А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.

Арамызда Төлеген көп жыл өтті, ахау,
Нелер келіп бұл басқа, нелер кетті, әгугәй. (2 рет)
Арада өткен сегіз жыл сергелдеңде, ахау,
Хабар айтып жіберсең нең кетеді-ай, әгугәй. (2 рет)

А-а-ай,
Қыз Жібек енді келгенше,
Иіліп сәлем бергенше.
Даяр етіп қоялық,
Салдырып сарай өзгеше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әгугәй өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әгугәй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әгугәй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әгугәй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері