Қаракөз (5 нұсқа)

Бұл бетте «Қаракөз (5 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1922
Қаракөз, ауылың алыс, жерің шалғай,
Мен жүрмін дидарыңа бір қана алмай.
Ой толқып, жүрек лебі құйқылжыды-ау,
Қосылар күн болар ма, ақ дариға-ай.

Қайырмасы:
Қаракөз отыр гүл жайнап,
Қамар белбеу бір байлап.
Шіркін, еске түскенде,
Кетеді ішім зыр қайнап.
Ахау, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Құшақтап,
Енді көрсем, жібермеймін.

Қаракөз ұядағы ақ балапан,
Сағынып Қаракөзді ойға батам.
Ауылын Қаракөздің көрген болсаң,
Берейін сүйіншіге ат пен шапан.

Қайырмасы:
Қаракөз, отыр мөлдіреп,
Екі беті үлбіреп.
Жібек шәлі мойнында,
Төңірегі желбіреп.
Ахау, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Құшақтап,
Енді көрсем, жібермеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракөз (5 нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қаракөз (5 нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракөз (5 нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракөз (5 нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері