Есей – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Есей» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1049
Бір қамшым бар қолымда бұйра сапты,
Бұйра сапты сол қамшым жұртта қапты-ай.
Арамыздан қыл өтпес тату едік,
Арадағы қызыл тіл алыстатты-ай.

Дәйім менің мінгенім мұз көкала,
Осы әніме сала алмас өзге бала-ай.
Арамыздан қыл өтпес тату едік,
Арадағы айрылдық сөзге бола-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері