Балабақшада – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Балабақшада» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 4271
Күлімдейді күніміз.
Көңілді ән-күйіміз.
Асыр салып жүреміз,
Тәртіп бұзбай жиі біз.

Білеміз біз, сұраңыз.
Жаттап алдық жыр-аңыз,
Тәрбиеші апайдың,
Айтқанын тез ұғамыз.

Дайын тақпақ, әніміз.
Би билейміз бәріміз.
Өнерліміз, кішкентай
Болсақ дағы әлі біз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері