Менің отбасым – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Менің отбасым» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 3
  • 15200
«Құлыным!» деп өбеді,
Мейірім- нұрын төгеді.
Тиянақты әр ісі,
Анам үйдің - ырысы!

Құйылғандай құрыштан,
Шаршамайды жұмыстан.
Күшті, шымыр білегі,
Әкем үйдің - тірегі!

Жанашырым, жақыным,
Айтар маған ақылын
Таусылмайтын жыр-әні,
Әжем үйдің - шуағы!

Елге сыйлы, қадірлі,
Бағалайтын әр күнді
Тындырымды, үлгілі,
Атам үйдің-білгірі!

Жалқауланып жатпаймын.
Тақпағымды жаттаймын.
Үлкен болып олардың,
Үмітін мен ақтаймын!


Пікірлер (3)

ұлпан

өте керемет өлең екен

Еркебұлан

Тапақпа өзі или өлеңба

Асем

Минус керек

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері