Пайдалы іс – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Пайдалы іс» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2072
Ерте тұрып, қолға алып күректі.
Тазаладық атыз бенен жүйекті.
Қарындасым топырағын қопсытып,
Бізден қалмай шелегіне гүл екті

Баламыз біз тәртіпті де, үлгілі.
Аялайды көктем болып күн нұры.
Әжем айтқан: «Ел есінде қаларлық
Бір пайдалы іс жасау міндет бұл күні».

Болбыр емес, былжыр емес,бекембіз.
Еркелетер әжем сөзі- шекерміз.
Не істейміз,- деп, -Ұлы күні ұлыстың,
Ақылдастық інімізбен екеуміз.

Тал егеміз бойы көкпен таласар.
Жүргіншілер : Кім еккен?,- деп қарасар.
Қаламыздың көшесінде ағаш аз
Сәнді, жарық көшесіне жарасар.

Шыбық ектік, көктеп, өніп, өсе бер
Сылдыраған арық суын кеше бер.
Ұл мен қызға біз ектік деп айтармыз,
- Қандай биік мынау ағаш!, - десе егер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пайдалы іс өлеңінің авторы кім?

Ернұр Сейдахмет — осы өлеңнің авторы.

Пайдалы іс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пайдалы іс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ернұр Сейдахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пайдалы іс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері