Ұсыныс

Бұл бетте «Ұсыныс» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4003
Класкомға лайық
Бір оқушы табайық,
Деп бәріміз жиналдық,
Келісе алмай қиналдық.
Күләш тұрып Ұмсынды
Бірінші боп ұсынды.
Жатып тұрып мақтады,
Жамандығын таппады.
Бірі ұсынды Манапты,
Бірі ұсынды Данапты.
Едім мен де үмітті,
Бірақ мені ұмытты.
Бұған өзім төзбедім,
— Сөз беріңдер, сөз!— дедім.
Бәрі маған қарады,
Көздер тесіп барады.
Алдым да бір жөтеліп,
Даусымды сәл көтеріп:
— Достар!— дедім,— Осыған
Мен өзімді ұсынам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұсыныс өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ұсыныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұсыныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұсыныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері