Астана таңы – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Астана таңы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4686
Алатауды көрдің бе, дос, алабүйрек таңдағы,
Бұлт үстіне қонған бүркіт, — деп қаласың Талғарды.
Ақторғын бұлт жел көтеріп желегіндей жеңгенің,
Елестетер жерден ұшқан көк аспанның белбеуін.
Тау астынан көкті көздеп атқан алтын допқа ұқсап,
Күн шығады қас сұлудай ерге жайған от құшақ.
Сонда зауыт гудоктары үнін қосып, жар сала
Деп тұрғандай. «Жаңа іске сәт, қайырлы таң астана
Дүр сілкініп алма бағы таңғы шықты аунатып,
Араласаң, жібермей ме көңіліңді самғатып.
Түндегі өмір тыныстары күндізгімен ұштасып,
Көптің бірі — келе жатам кеңсеге мен нық басып.
Көкірегінде жаңа таңның жадыратқан нұры бар.
Жемісті еңбек етсең солай жаның да бір тынығар.
Көздің жауын алар көркем астананың әр таңы,
Сондай әсем өміріңді алдыңа әкеп тартады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана таңы өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Астана таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана таңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері