Аққала – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Аққала» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3563
Келіп атай болжамы,
Болды ауыл олжалы.
Жауды жерге күміс қар,
Енді бізді кім ұстар?

Аппақ әлем айнала-ай,
Кім шет қалар ойнамай?
Жиналдық та топ бала,
Соқтық қардан аққала.

Қандай сүйір дегізген
Мұрыны бар сәбізден,
Көзі қылдық көмірді,
Өзі сондай көңілді.

Деп жаурап ол қалмасын,
Берді Әсет шалмасын.
Көрмейік деп тоңғанын,
Берді Жанар қолғабын.

Темір шелек телпегін
Бере салдым мен тегін.
Дедік күліп: «Жарадық»,
Алыс барып қарадық.
Бізге күліп қараған
Пайда болды қар адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққала өлеңінің авторы кім?

Ернұр Сейдахмет — осы өлеңнің авторы.

Аққала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ернұр Сейдахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері