Бағбан

Бұл бетте «Бағбан» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1944
Өсіретін ұл-қызды
Кім жек көрсін сәбізді?
Алма, алмұрт, шиені
Жегенді ел сүйеді.

Тәтті асқа айналған
Жеміс-жидек айналам.
...Аз ұйқыны жөн көрем,
Ерте тұрып күнменен.
Шөліркеп су сұраған
Бау-бақшамды суарам.

Шаруам болмай өткенмен,
Арық тартам кетпенмен.
Қолға алып күректі,
Жөнге салам жүйекті.
Бір күнім бос өтпейді,
Терлемей іс бітпейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағбан өлеңінің авторы кім?

Ернұр Сейдахмет — осы өлеңнің авторы.

Бағбан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бағбан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ернұр Сейдахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бағбан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері