Асау шаңғы

Бұл бетте «Асау шаңғы» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1189
Шаңғы сатып әперді,
Зымыраймын әке енді-
Дегем кеше, бүгін мен
Шыға салып үйімнен.
Мініп көріп шаңғыға,
Жүрмек болдым алдыға.

Қалт-құлт етіп бұл қалай?
Тұрмын әрең құламай,
Бір, екі,үш бастадым,
Бәрін артқа тастадым.

Бірнеше рет құладым.
Сонда да мен шыдадым.
Сырғанадым ақырын,
Жүрдім қанша шақырым?

Тулап еді жайындай,
Асау еді тайымдай,
Келдік, міне, қыр асып,
Қалды шаңғым жуасып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асау шаңғы өлеңінің авторы кім?

Ернұр Сейдахмет — осы өлеңнің авторы.

Асау шаңғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асау шаңғы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ернұр Сейдахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асау шаңғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері