Күн қайдан шығады? – Қалмаханбет Мұқаметқали

Бұл бетте «Күн қайдан шығады?» атты Қалмаханбет Мұқаметқали жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3385
Ұққаның жөн сөз сырын,
Ұтпас ұзақ ойланған.
Кім айтады тез мұны,
Күн шығады қай маңнан?

Бірікпесе күш пен күш,
Бітпесі анық бір іс те...
Алғашқы арай түскен тұс
Аталады Шығыс деп.

Елтануға құштарлар
Емес жалқау, тым ерке.
Шығыс Қазақстанға
Шашылады нұр ерте.

Шыққан күнге қарашы,
Шолжаң әрі еркелеу...
Ол жақтың бар баласы
Оянады ертерек.

Шолып қыр жақ, ой жақты,
Шаттанасың әдемі.
Демек осы аймақты
Деген дұрыс Таң елі!

Жерін танып есейген,
Жақсылыққа құлшыныс.
Қытай менен Ресейге
Қақпа сынды бұл Шығыс.

...Ұққаның жөн сөз сырын,
Ұтпас ұзақ ойланған.
Кім айтады тез мұны,
Күн шығады қай маңнан?

Елтануға құштар бол,
Елітпе ерке қылыққа.
Шығыс Қазақстаннан
Шығады Күн, ұмытпа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн қайдан шығады? өлеңінің авторы кім?

Қалмаханбет Мұқаметқали — осы өлеңнің авторы.

Күн қайдан шығады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн қайдан шығады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалмаханбет Мұқаметқали өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн қайдан шығады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері