Мақтаныш – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Мақтаныш» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2779
Тақпақ айтам – жаттап ал,
Көкейіңе сақтап ал!
Туған тілім – айбарым,
Одан ыстық жоқ маған.

Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата-анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.

Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.

Елордасы – Астанам,
Саған айтам асқақ ән.
Әрқашан да қазақ боп,
Туғаныма мақтанам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтаныш өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Мақтаныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақтаныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтаныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері