Сірә сенің сезімің өліп қалған – Бибіт Нұрмұхан

Бұл бетте «Сірә сенің сезімің өліп қалған» атты Бибіт Нұрмұхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кеткен едің өзгені бақытым деп,
Сенен жақсы. Мені шын сүйеді деп.
Бос сөзбенен алдайсың құрғақ уәде,
Ал оныкі шынымен шынайы деп.

– Дедің дағы бұрылып оралмадың,
Келер деген үмітпен алаңдадым.
Пәк сезімді өзіңе арнап жүрген,
Білесіңбе? Ешкімге сыйламадым.

Күзде өтті, қыс өтті көктем келді,
Барлық әлем жайқалып гүлденеді.
Бірақ менің өзіңе сақтап жүрген,
Пәк сезімім сол күйі өзгермеді.

Шуақ шашар нұрлы күн маған алдан,
Түсінбестік баяғы. Кінәламан.
Жүрегімнің дертінде сезбепсің ғой,
Сірә сенің сезімің, өліп қалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сірә сенің сезімің өліп қалған өлеңінің авторы кім?

Бибіт Нұрмұхан — осы өлеңнің авторы.

Сірә сенің сезімің өліп қалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сірә сенің сезімің өліп қалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бибіт Нұрмұхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сірә сенің сезімің өліп қалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері