Кім? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Кім?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1744
Дабырласып далада,
Балалармен бiр жүр ем,
Аула iшi сол арада,
Болып кеттi дүрбелең.
Қарагер ат шылбырын
Үзiп кете жаздады.
Баса-көктеп бiр-бiрiн,
Қашты көршi қаздары.
Итiмiздiң сасқаны-ай,
Тығылды үйшiк түбiне.
Көк ешкiнiң қашқаны-ай,
Лағына сүрiне.
Дүрлiктiрiп бүлдiрген,
Десем бəрiн кiм екен?
Iшi пысып ойнақтап,
Қызыл бұзау жүр екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Кім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері