Сазайын тартты – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Сазайын тартты» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1738
– Бəрi қорқып, ықсын, – деп,
Сүзеген боп шықсын, – деп,
Шыққан жанды үйiне
Қайта қуып тықсын, – деп,

Қызыл қасқа торпағын
Жалықпастан үйреттi.
Тыныш жатса ол тағы:
– Сүзiсем, – деп сүйреттi.

Бермедi ғой тыныштық,
Серiк əбден басынды.
Жатпаған соң күйiс қып,
Торпақ қатты ашынды.

Серiк тұрды сөзiнде:
Сүзеген қып шығарды.
Қазiр оның өзiн де,
Үйге қуып тығады.

Сыртта жүрсе торпағы,
Шыға алмайды үйiнен.
Сүзе ме деп қорқады,
Тығылып ап күнiмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері