Өлең, жыр, ақындар

Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап

  • kz2015
  • 12.05.2015
  • 3
  • 13
  • 47816
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың,:
Мен бірақ селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені - өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басындағы бөрік пе,
Орамал ма?
Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нәресте көруге тиісті емес,
Әкесінің еңкілдеп жылағанын,
Әкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы бір-ақ адым.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын.
Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кәне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған:
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақкөйлекті кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған:
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген - әлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойынды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше!



Пікірлер (13)

Жандос

М.ШАХАНОВ ақындық өнердің құбылысы. Мұндай кісілер 1 ғасырда бір-ақ рет туылады.

Айгүл

Мұхтар ағамызға Аллах ұзақ ғұмыр берсін.

Асемай

Мухтар Шаханов атамыз өте асыл жан ардақты адам

Батима.Атырау

Өлеңдерінен катты асер алам .Кайта кайта окый бергім келеді

Алдонгарова Мадина

Мұхтар аға ! Өлеңдеріңіз керемет . Ютубта бармын . Ешкім пікір жазбайды . Сіз жазыңызшы , өтінемін . Мен үшін маңызды . Сізге ұнамаса , ешқашан жазбаймын .Менің аты -жөніммен кірсеңіз табасыз . Мадина

Назым

Не деген керемет өлен

Лəззат

Маған М.Шахановтың барлық өлеңдері ұнайды.өлеңдері керемет əсер етеді.

Арайлым

Маган Мұхтар Шахановтын барлық өлеңдері ұнайды.Өте кушті

Әділбек

Мұхтар аға өлеңдеріңіз өте керемет !

Роза

Мухтар аганын әр оленін оқыған сайын бір жасап қаламын. Сіздің өз өлеңдеріңізді өзіңіз оқығаныңызды тындау мен үшін бір ғанибет екенін айтуым керек.

Максим

ӨТЕ МЫҚТЫ АҚЫН

Myrza

керемет

Бекзат

Супер

Пікір қалдырыңыз

Уақытша жеңістер

  • 1
  • 3

Ғасыр буаз болмаса да әділдікке желіндеп,
Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек:
«МӘҢГІ ЖЕҢІС» және «БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР».
Күш жоқ осы заңдылықты тайдыра алар өрістен.

Толық

Мұрын жайлы әзіл

  • 1
  • 2

"Перзент болу оңай ма толыққанды,
Зерттеп өс, - деп, -айдарлы алыптарды"
Мені башқұрт жыршысы Мұстай Кәрім
Расул Ғамзатовқа алып барды.

Толық

Желтоқсан тағлымы

  • 0
  • 2

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!

Толық

Қарап көріңіз