Балақай мен қалақай – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Балақай мен қалақай» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 7311
Саяхаттап көрдік қыр,
Қырға бардық, тердік гүл.
Айқайлады балақай:
– Алақай-ау, алақай!
Жапырақты үземін,
Гербарий ғып тіземін!
Ол бұтаны бас салды,
Міне, шатақ басталды.
Қарып алды қалақай,
Жылап қалды балақай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері