Кім қорқақ, кім айбатты? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Кім қорқақ, кім айбатты?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2212
Шығып алып iнiнен,
Ұйқы бермес түнiмен,
Тышқан түнде жортады,
Ол мысықтан қорқады.
Ең күштi де қайратты,
Тарғыл мысық айбатты.
Күншуақтап жататын,
Тəттi ұйқыға бататын.
Мысық
Иттен тайсақтап,
Шеттеп жүрер жан сақтап.
Ең күштi де қайратты,
Қабаған ит айбатты.
Кемiрiп боп сүйегiн,
«Əуп», «əуп» етiп үредi.
Арлан ит те,
Қасқырдан
Айбынып-ақ жүредi.
Ең күштi де қайратты,
Көкжал қасқыр айбатты.
Қасқыр түнде қаңғиды,
Қой, қозыны аңдиды,
Азық iздер жапаннан,
Қасқыр қорқар папамнан.
Ең қайратты, бiлектi
Папам менiң жүректi.
Папама үй iшiнде,
Жөн-жосықсыз iсiне.
Мамам ұрсып тастайды,
Папам аузын ашпайды.
Ең жүректi, қайратты,
Мамам менiң айбатты.
Мамамды өзiм ақыры,
Санап тұр ем «батыр» деп.
Қоя бердi ол бақырып,
«Тышқан келе жатыр», – деп.
Қолындағы кесе де
Ұшып түстi быт-шыт боп.
Бiр-ақ қарғып төсекке
Шығып кеттi ыршып кеп.
Сонда батыр кiм десең,
Мен айтайын бiлмесең:
Батыр емес мамам да,
Батыр емес папам да.
Ең батыр да қайратты,
Тышқан екен айбатты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім қорқақ, кім айбатты? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Кім қорқақ, кім айбатты? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім қорқақ, кім айбатты? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім қорқақ, кім айбатты? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері