Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Күншіл

Бұл бетте «Күншіл» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 911
Бiздiң Есет есiрiк,
Жақтырмайды Қанатты.
«Күндiз-түнi тесiлiп,
Оқиды, – деп, – сабақты».
Бар баққаны бiр солдай,
Өшiн алар Қанаттан, –
«Бала болып бұл қалай,
Қашпайды, – деп, – сабақтан?»
Ту сыртынан даттайды,
Кiжiнедi тұрып ап:
«Ең құрыса шықпайды,
Ойнауға да бiр уақ», –
Дейдi тағы өшiгiп:
«Пысық қылып жаратқан,
Бiз құсап та кешiгiп,
Қалмайды екен сабақтан?»
Миғұла ма, бiлмен мен,
Көз ашпайды ол таяқтан.
Күнi өткенше күндеумен
Үлгi алсашы Қанаттан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күншіл өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Күншіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күншіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күншіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері