Сомпай деген немене? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Сомпай деген немене?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1125
Қайсыларың бiлетiн,
Сомпай деген немене?
Келеке ғып күлетiн
Мағынаға келе ме?
Бiлмесеңдер ондайды,
Мен айтайын сомпайды:
Бiздiң жақта «Сомпай» деп
Мыналарды айтады:
Iске аспай жататын
Көшедегi сондай көп,
Iрi малдың айтады
Асықтарын «Сомпай» деп.
Тағы бiлем сомпайды,
Сол асықпен еншiлес,
Əр класта екi жыл
Оқымай көңiлi көншiмес,
Орынбайдың Тұрашы
Жүретұғын жын құсап,
Ол оқитын кластың
Балалары тым ұсақ.
Ал, ол болса, бiп-биiк,
Сорайған зор тұрқы бар.
Тұратұғын үрпиiп
Ата-сақал мұрты бар.
Сомпай асық сияқты
Икемсiз-ау сондай деп.
Мазақ қып ел Тұрашты,
Атап кеттi «Сомпай» деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сомпай деген немене? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Сомпай деген немене? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сомпай деген немене? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сомпай деген немене? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері