Жау, жаңбыр – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жау, жаңбыр» атты Ескен Елубаев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 5746
Аяқ асты түнерiп
Туған жердiң аспаны,
Көптен күтiп жүр едiк,
Жауын жауа бастады.
Өтсе екен деп селдетiп,
Нөсер төпеп ауылды.
Барлығымыз əндетiп
Шақырдық-ау жауынды.
«Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Кең далаға көлбеген.
Жау-жау жабыр,
Жау жаңбыр,
Қуанышты ел деген.
Жау-жау жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егiн-жайға шөлдеген.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егiн өссе береке.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Елге əкелер мереке...»
«Жау-жау» десе жауын да,
Көп жауар деп естимiз.
Жаңбыр жауса ауылда,
Əндетемiз, өстимiз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жау, жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жау, жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жау, жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жау, жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері