Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 891
Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған,
Атойлап аңғарғанға тұрады алдан.
Үңіліп терең барлап түсе алмаған
Жүреді көкірегінде түйіп арман.
Түсетін жол осы еді-ау жас ұрпаққа,
Тәуелсіз ел боп шалқып шыққан шақта.
Беу дүние, өнер құсын торға қамап,
Кез болдық нарық деген қайтқан баққа!..
Ілгеріге жетелейтін,
Жан азығым таусылды.
Жұртың үшін шырылдаған
Кім естиді дауысыңды!
Жақсылықтан күдер үзіп,
Жан жүрегім жаншылды,
Келер ме екен дейтұғын күн
Көңіл бұлттан аршылды.
Шақ болады ерекше жанға жайлы,
Көрінетін сол сәтте таңғажайып.
Аңсағанда алауы ақылды алар,
Оралуы екінші алмағайып.
Билеп алып ырқыңды ес аудыра,
Ауыздықсыз тәрізді асау құла.
Шығып кетер шығындап ала қашып,
Шалыс басу дегенің осы-ay сірә.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері