Ант бере алмады – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Ант бере алмады» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1162
Не қызықтың өзiн бiр
Балалықта кешпедiк.
Айтатыным осы бiр
Ойда қалған естелiк...
Барлығымыз «қу» дейтiн.
Ағып тұрған «су» дейтiн.
Жəудiр бiзге əлгiде
Айтқан едi əңгiме.
– Алматыда, – деген ол
Алма деген молшылық.
Кетiп жатыр келген ел,
Етектерiн толтырып.
Алма деген көшеге,
Топ-топ етiп түседi.
Əр күн сайын нешеме
Ел шекесi iседi...
Естiп тұрған бəрiн де,
Түсi Бектiң түксидi:
– Жəудiр айтқан əңгiме,
Өтiрiк, – деп, – шiп-шикi.
– Өтiрiкшi, сен, – дедi
Бiздi алдауың не? – дедi,
Айтқаның кiл өтiрiк, –
Деп қол сiлтеп сенбедi.
– Оңбайын! – дедi.
Сенбедi.
– Оллаһи! – дедi,
Сенбедi.
– Нан жейiн! – дедi,
Сенбедi.
– Ит болайын! – дедi,
Сенбедi.
– Ал сынайын өзiңдi
Шын ба екен көрейiн.
Адамшылық сөзiңдi
Бересiң бе?
– Берейiн.
– Ендеше айтшы,
Сенелiк,
Болсын десең сенiмдi,
Өтiрiк айтты демелiк
Пионерлiк айтшы сөзiңдi!..
– Сендер қалай десең де,
Оған ендi бармаймын.
Пионердiң атынан
Ант бере алмаймын!
Бек деген де қу, мықты,
Тап бастырмай ұзаққа,
Сөйтiп əлгi суқитты
Түсiрдi бiр тұзаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ант бере алмады өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Ант бере алмады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ант бере алмады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ант бере алмады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері