Қызылқайнар, көксу – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қызылқайнар, көксу» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1216
Екi бала танысты,
Жөн сұрасып қалысты:
– Əй, сен қайсы жерденсiң?
– Өзiң қайдан келгенсiң?
– Келдiм алыс жайлаудан,
Сонау Қызылқайнардан.
– Көксуданмын мен онда,
– Танысайық, кел онда.
– Қызылқайнардан болғанда,
Қып-қызыл ма суы оның,
Атын содан қойған ба?..
(Өтiрiктi айтудың
Келiп қалды ретi.
Бөспелердiң айтулы
Ауылдағы ол бiрi едi.)
– Қызылқайнар деп халық,
Қайнарға ат жай бермеген.
Суы қызыл,
Көр барып,
Сенбейдi ешкiм көрмеген.
Аламыз да шишаны
Қайнар жаққа келемiз.
Су құйып ап, мысалы,
Сурет сала беремiз...
Кейде апамыз бұлаққа
Жейдемiздi жуады.
Аппақ жейдең
Сол кезде...
Қып-қызыл боп шығады.
Сөздiң келiп кезегi
Екiншi айтты:
– Көксуда
Бар ғой Көксу өзенi,
Сен естiген жоқсың ба?..
(Өтiрiктi бұл-дағы
Сапыратын судай қып.
Соқты,
Қарап тұрмады.
Өтiрiктi шындай қып).
– Көксудың бiз
Суына
Қалам малып жазамыз.
Сия iздеп, əуре боп,
Кетпейдi еш мазамыз...
Өтiрiктi екеуi
Өстiп судай сапырды.
Жеңiсе алмай,
Əйтеуiр,
Бiрiн-бiрi қатырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылқайнар, көксу өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қызылқайнар, көксу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылқайнар, көксу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылқайнар, көксу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері