Ғажайып қала – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Ғажайып қала» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2023
Тауларым үнсіз, ақ иық,
Айрылмайтын сабырдан.
Далам жатыр далиып,
Шалғын-шапан, жамылған.

Үйлер көкке өрлеген,
Күнді сүйіп, нұрлана.
Бұрын соңды көрмеген,
Көз алдымда тұр қала:

Қалған бейне шаншылып,
Жираф-телемұнара.
Жаңалықты(алшы ұғып)
Таратады бұл ара.

Қанат жайып инелік,
Көк аспанда самғайды.
Қала үстіне тұр келіп,
Тікұшақтан аумайды.

Көк өзендей көшеде,
Өтіп жатқан бар бала.
Қызықтарға нешеме,
Қарасады таңдана.

Толғанады жаным да,
Жалауымдай көгілдір.
Бейбітшілік бағында,
Бүр жарады, өмір-гүл.

....Сәулетшілік-арманым,
Баурап түрлі алады ой.
Әттең, мынау салғаным ,
Қағаздағы қала ғой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғажайып қала өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Ғажайып қала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғажайып қала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғажайып қала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар