Шекербек – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Шекербек» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1658
Кіп-кішкентай Шекербек,
Кәмпитті көп сұрайды.
Дастарқанға жетектеп,
Тәтті бер деп жылайды.

Былдырлаған бал тілін,
Қызықтаймыз шекер деп.
Тәтті кәмпит әр түрін,
Тым көп жейді Шекербек.

Айтқанмен бар ақылды,
Сөзге құлақ аспады.
Шекербектің ақыры,
Тісі ауырып, қақсады.

Кәмпит сұрап келмеуде,
Ауырып тұр шамасы.
Тіс дәрігерге емдеуге,
Ертіп барды анасы.

Дәрігер де келгенде,
Ақ халатын тұр киіп.
– Кім тиісті дегенде,
– Кәмпит деді бұртиып.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шекербек өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Шекербек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шекербек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шекербек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері