Данабектің қылығы – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Данабектің қылығы» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1484
Данабек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».
Адасқан-ау шамасы,
Көшеде ол жүр деді,
Суреті оның қарашы,
Кітапта да тұр деді.
Күлді мәз боп бәрі енді,
Қызық болды мұнысы.
Таппақ болып дәлелді,
Басталды тың жұмысы.
Парақтаумен тұр бетін,
Айналысып ісімен.
Трамвайдың суретін,
Тапты кітап ішінен.
Бар көргенін далада,
Шын қабылдап тұрады.
Ұқтырмаған балаға,
Үлкендер ғой кінәлі.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Данабектің қылығы өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Данабектің қылығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Данабектің қылығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Данабектің қылығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері