Кешіріңіз, кешіңіз – Кадрия Темірболатова

Бұл бетте «Кешіріңіз, кешіңіз» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2492
Періштедей ақ түндерім,
Жоқ қой сізге өкпеміз.
Мен кінәлі болсам егер
Кешіріңіз, кетпеңіз!
Жалындаған жастығымды,
О, түндерім! Сөндірмеңіз.
Тек жақсылық ала келгін
Жамандықты ендірмеңіз.
Үкілеген үмітімді,
Аялаңыз үзбеңіз.
Жұлдыздардың жарығын тек
Жүрегімнен іздеңіз.
Кірбің басқан өткендерім,
Қайрылмай кетіңіз.
Қараңғыда өпкен ернім
Қызарады бетіміз.
Ақ білегім-ақ жібектей,
Көзің бейне көк теңіз.
Тереңіне батып кетсем
Түнім, мені сөкпеңіз!
Сезім қандай мөлдір әсем,
Естен шықса есіміз.
Таңдай күйіп елжіресем
Түнім мені! Кешіріңіз! Кешіңіз!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері