Ақтау. Шевченко – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Ақтау. Шевченко» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2149
Думанды қала – бағстан,
Түседі көзге алыстан.
Теңіздің бойын жағалап,
Шағала үйлер жарысқан.

Ал кеше, аптап, шөл еді,
Күн нұры сүйген көне еді.
Тарастай талай ақынның,
Тілінде арман көп еді...

Қараңғы, қатал заманда,
Қамалып қапас қамауда.
Қаһарман кобзарь жырлады,
Келерін бақыт Адамға.

Даланы сүйді тағы да,
Украинасын сағына.
Үмітпен шыбық қадады, ол
Айналды Тарас бағына.

Ақ мәрмәр тастап қаланып,
Ақтау деп атты жаңа алып,
Күліп тұр сәби – жас қала,
Теңіз бен шөлден жаралып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері