Тау қойнауы – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Тау қойнауы» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1406
Тау гүлінің аңқығанда жұпары,
Танау, байғұс, тамсанып бір жұтады.
Тас үйлерден шыға келген теліге,
Таң болып тұр тырбиған әр бұтағы.

Тау өзені тастан-тасқа сарқырап,
Таусылмайтын жатқандай бір ән құрап.
Тәтті-тәтті қарақат пен бүлдірген,
Тамсанып бір жесең, балдан артық-ақ.

Тура үстін қоқыс еткен бірақ, кім,
Тұма көзін аштым қунақ бұлақтың.
Тулап ағып, сылдырлады күміс су,
Тазаладым, дәмін таттым, ұнаттым.

Таусылмайтын шежіредей кәрі екен,
Тау қойнауы – тәніңе бір дәрі екен.
Терең ойға батып қайттым, бірақ та,
Тарихымда талай тылсым бар екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау қойнауы өлеңінің авторы кім?

Мылтықбай Ерімбетов — осы өлеңнің авторы.

Тау қойнауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау қойнауы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау қойнауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері