Құрбандық тоқтыңмын – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Құрбандық тоқтыңмын» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1044
Қанатым болса қанатым жайып,
Ұшар ем жердің шетіне.
Буғанда шабыт, мен атымды анық,
Жазар ем көктің бетіне.

Омар Хайямдай қиялдағанмын,
Біржан сал болып көргенмін.
Ару қыздарға жиі алданғанмын,
Сұлулық сүйер елденмін.

Ақ бата алып қадірлі қарттан,
Арманым, рас, көктеді.
Арыма батқан, жаныма батқан,
Жерімнің жатқа кеткені.

Махаббат жайлы ұмытып кеттім,
Қыздарды мүлде ұмыттым.
Мырзашөл жайлы үмітін көптің,
Арқалап, жүрек жылыттым.

Тәй-тәй басқан баладай болам,
Тағдырым менің осындай.
Қайтаруға да жарамай қоғам,
Қалам ба елге қосылмай.

Ең дұрыс жолды таңдаған елім,
Жеріңді берме басқаға!
Бір қуанышқа зар балаң едім,
Қуантшы мені, Астана!

Көршіні ұрсу – ұраным емес,
Жөн емес ісі оның да!
Мырзашөл қайтса, қыраның емес,
Дайынмын, тоқтың болуға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрбандық тоқтыңмын өлеңінің авторы кім?

Мылтықбай Ерімбетов — осы өлеңнің авторы.

Құрбандық тоқтыңмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрбандық тоқтыңмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мылтықбай Ерімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрбандық тоқтыңмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері