Кесірткенің қаңқасы – Вислава Шимборская

Бұл бетте «Кесірткенің қаңқасы» атты Вислава Шимборская жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1611
Сүйіспеншілікті Бауырлар,
алдымызда алмағайып бір зат тұр:
кесірткенің әбден тозған қаңқасы.

Қымбатты Достар,
сол жақта – құйрығы, шетсіз шексіз созылған,
оң жақта – мойны, басқа жаққа бұрылған.

Құрметті Жолдастар,
ортасында, дәу қарынның астында – төрт табан,
шайқалыстан майысқан –
Мәртебелі Азаматтар,
табиғат қателеспейді, әзілдегенді ұнатады,
мына күлкілі басқа назар салыңыздар –

Ханымдар мен мырзалар,
мұндай бас алдын ала ойлауға дәрменсіз,
сондықтан да ол құрып тынған –

Жоғары Жиналыс –
мидың аздығы, аранның алапаттығы,
данышпан үрейден ақымақ қиялдың көптігі –
Лайықты Қонақтар,
бұл жағынан келгенде, өзімізде еш мін жоқ,
өмір керемет, ал жеріміз біздің –
Қадірменді Демғаттар,
жұлдызды аспан
ойшыл құрақтың үстінде, бірақ
ізгілік заңы соның өзінде –

Теңдессіз Комиссия,
мұндай тек бір рет қана іске асқан,
бәлкім, осы бір жалғыз күннің астында.

Кеңес төріндегілер!
қандай епті қолдар, қандай
шешендік сөздер, қаншама
бастар шықтырлағы –
О, Жоғарғы Инстанция,
құйрықтағы қандай жауапкершілік?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кесірткенің қаңқасы өлеңінің авторы кім?

Вислава Шимборская — осы өлеңнің авторы.

Кесірткенің қаңқасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кесірткенің қаңқасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Вислава Шимборская өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кесірткенің қаңқасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері