Маскүнем – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Маскүнем» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 17955
Жұртым бір жыр тоса ма,
елім – бір ән.
Бүтінделіп болған жоқ менің мұрам.
Тағдырымды тар жерде қияр ма екен
Артық ішкен жүз грамм,
Елу грамм

Тегеуріні болар ма мұнша қатты,
Қоя алмадым, апыр-ай, бұл шарапты.
Құрметі деп көрсеткен бағаладым,
Саптаяқпен ұсынса кім шалапты.

Ақылдан да,
Ардан да күшті бір ас,
Іш десе тартынбадым.
Іштім. Рас.
Уақыт та өлді талай тілге келмей,
Бақыт та басымдағы ұшты біраз.

Ішіппін таныспен де, бейтаныспен,
Лағнет бәріне енді айтам іштен.
Бүлкілдеп бауырымды сорып жатыр
Шарабым үріп ішкен, шайқап ішкен.

Таста деп ұрысты жар,
Ұрысты апам.
Қоямын.
Денсаулықты дұрыстатам.
Қою да оңай емес.
Қою үшін
Тағы да құйып жібер бір стакан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маскүнем өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Маскүнем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маскүнем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маскүнем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері