Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 4996
Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде,
Бөлек біздің ауылдың дерті мүлде.
Бір сапарға шығып ем он үшімде,
Енді мына тағдырдың еркі кімде?
Ауыл қалды шалғайда, жер түбінде.

Қайрылуға қайран жоқ,барам ұзап,
Жолдас болдым жандарға жанары жат.
Ішіп жүрген суымның бәрі– кермек,
Жұтып жүрген ауамның бәрі– аңызақ,
Қайрылуға қайран жоқ, барам ұзап.

Ұзап барам, қайтейін, барған сайын,
Қанша жылым бар енді, бар қанша айым?
Бәйтеректің басымын тамырынан
Алыстайтын– жапырақ жарған сайын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ауыл шалғайда, жер түбінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері