Орман – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Орман» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2162
Сыңсиды, сыңсиды ну орман,
Ну орман – баяғы ну орман.
Кей бұта тым кештеу көгеріп,
Кей бұта тым ерте қуарған.
Ну орман… әндетіп күні-түн
Тербейді өзінің үмітін.
Сыңсиды, сыңсиды қара орман,
Төсінде тұр тұнып бар арман.
Бұл орман – кәрі ғой,
Шаштары болмаса да ағарған.
Жапырақ – көк ала, сары ала
Қалтылдап аулаққа бара ма!
Ну орман – кәдімгі бір орман,
Мыңдаған бұтақтан құралған.
Мың бұтақ тілінде сөйлейді
Бір орман.
Кейде орман сылайды бойын жәй,
Ойлары тұрғанда қойылмай.
Сол орман рухын етеді құс мазақ,
Сабырлы адамның ұшқалақ ойындай.
Басында бар қиял, бар талап
Орман тұр алды – көл, арты – алап;
Мәз боп тұр көктемді көтеріп,
Көкжиекті арқалап.
Ну орман тұр сыңсып. Күн айық,
Жел есті желпініп, тыңайып.
Бұл орман – орман боп жырлайды,
Орман боп мұңайып.
Әр бұтақ өзінше – бір кеуде
Қақы жоқ кірлеуге, күлмеуге.
Орманға шынымен еліктеп көрер ем,
Біреулер күлмей ме?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орман өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Орман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орман өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Орман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері