Сібір сарыны – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Сібір сарыны» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 1
  • 1592
Оймякон деген Ой мекен,
Ойылып түскен ой ма екен?
Сақылдап тұрған ойпатты,
Сахалар не деп қойды екен?
Сусуман деген су ма екен,
Сусыған сырма, қу ма екен,
Сырғанақ тағдыр сұмдығы,
Кімдерді мұнда қуды екен?
Колыма деген көл ме екен,
Темірдей шеңгел, қол ма екен,
Зәбірі батқан замана,
Кімдерді мұнда көмді екен?
Аямай түссе қолына,
Аязы қатты Колыма,
Қаншама жанды жұтты екен,
Қалдырмай белгі соңына?
Магадан деген маған ба?
Нөмірлер ілген баған ба?
Тарландар тордан телміріп,
Тағдыры қалған табанда!
Хандыга бәлкім, қан доға?
Алданға қаның тамды ма?
Қаншама нахақ қан ішіп,
Құмарың, заман, қанды ма?
Қол үзіп қиқу, дүбірден,
Күйініп өткен күбірмен,
Сағым боп кеткен сырттанның,
Сарыны келер Сібірден!


Пікірлер (1)

Айша

Әдемі жазылған

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сібір сарыны өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Сібір сарыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сібір сарыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сібір сарыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері