Өлең, жыр, ақындар

Көкте жұлдыз, жерде жұлдыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3238
Аспан жаққа шақырады мені өлең,
Шақырады аспан төніп тұрып төбеден.
О, жұлдыздар, алыс едің сен неткен,
О, жұлдыздар, жақын едің не деген!
Тамшы терді сығып алып денеден,
Жұлдыз қылып жағайыншы деген ем...
Оу, көк аспан тесіліпті-ау тегенең,
Тегенеңде құюлы екен көп өлең.
Сол аспаннан албырт сәуле себелеп
Жер төсіне құлап жатыр не керек!
Сол сәуле боп дүниені кездік біз.
Сол жұлдызбен жерімізді шегелеп!
Маужырап тұр, тыныш-ақ қой түн біздің,
Тыныштықты осы түнге мінгіздім.
Жалғыз ғана… есіледі жыр жолы,
Сәулесімен араласып жүлдыздың.
Әр тірліктің түні мынау, күндізі –
Әр тірліктің жұлдыз болып күлді ізі.
Жұлдыз көп қой, жұлдыз көп қой аспанда,
Одан да көп біздің жердің жұлдызы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкте жұлдыз, жерде жұлдыз өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Көкте жұлдыз, жерде жұлдыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көкте жұлдыз, жерде жұлдыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкте жұлдыз, жерде жұлдыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері