Тағы да, тағы да бір жыр бастайын – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Тағы да, тағы да бір жыр бастайын» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4303
Тағы да, тағы да бір жыр бастайын,
Тыңдады, құрдас терек, сырлас қайың:
Өлең бар әр бұтақта жүз жапырақ,
Өмір бар жүз драма бір бас сайын.
Пердесін ашады оның тіл мен көңіл,
Осы ма, тіл мен көңіл, білгендегің?!
Рөлін артист-сөздер ойнай алмай
Ақылдың жылап берді күлген жерін.
Қай жаққа, енді қайда бұрыла алам,
Жаным бар шындық дарын, жыр ұнаған.
Осы бір кеудемдегі кішкене бас
Үп-үлкен дүниенің сырына алаң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері